Рекордымды бұзған адамға қызғанышпен қараймын

сурет: getty images

2004 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуінде Италия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Филиппо Индзаги Уэльс командасына қарсы өткен матчта үш гол соққан еді. "Сан-Сирода" небәрі 11 минуттың ішінде хет-трик авторы атанған ойыншы бүгін болатын Италия мен Уэльс кездесуінің алдындағы жеке рекордын еске алды деп хабарлайды II Messagerro басылымы.

"Әрине біздің команданың жеңіске жеткенін қалаймын. Алайда менің рекордымды бұзған ойыншыға қызғанышпен қарайтын боламын. Себебі қысқа уақыт аралығында үш гол салу әрбір футболшының қолынан келе бермейтін іс".

Еске салсақ, бүгін А тобында Италия мен Уэльс құрамалары кездеседі. Алғашқы екі матчта жеңіске жеткен "скуадра адзурра" 6 ұпаймен көш бастап тұрса, Гарет Бэйлдің командаластары 4 ұпаймен екінші орынға жайғасқан.

 

Метки:
Жаңалықтар