Рекордтық баға. Польшалық клуб Артур Шушеначевті сатып алмақшы

©Қайрат ФК

Польшаның "Шленск" командасы "Қайрат" шабуылшысы Артур Шушеначевті сатып алмақшы.

wroclaw.se.pl сайтының мәлімдеуінше, жуырда Шушеначев польшалық командаға қосылуы тиіс. Вроцлав қаласының клубы Қытай чемпионатына ауысқан испаниялық Эрик Экспоситоның орнына жерлесімізді алуды жоспарлап отыр. Трансфер бағасы 600 000 еуроны құрауы мүмкін. Егер қазақстандық форвардты аталмыш бағаға сатып алған жағдайда, бұл Шленск командасының тарихындағы ең қымбат трансфер болуы мүмкін.

Қос тарап мәмілеге келген жағдайда Артур Шушеначев еуропалық ұжыммен 3,5 жылдық келісімшарт жасасып, айына 12 мың еуро алады.

Еске салайық, Шушеначев өткен маусымда Қазақстан чемпионатында 19 ойында 12 рет гол соқты. Шабуылшылар арасында "Астана" ойыншысы Марин Томасовтан (17 гол) кейін екінші орын иеленді.   

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport