Рекордсмен футболшы 36 жасында қайтыс болды

26 қыркүйек 2019 09:39
Футболдан Литва құрамасының футболшысы Артурас Римкявичус 36 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды tv3.lt.

Спортшының денесі 23 қыркүйекте Каунасс ауданында табылған. Алдын ала болжам бойынша 2016 жылы кәсіпқой спорттық мансабын аяқтаған Римкявичус өз-өзіне қол салған. Оның әйелі екі баласы бар.

Ол клубтық деңгейде Литва, Финляндия, Латвия, Бруней және Грекия чемпионаттарында өнер көрсеткен. 2012 жылы "Шяуляя" клубында өнер көрсетіп жүріп, ол бір маусымда 35 гол салған. Осылайша ол ұлттық біріншілікте рекорд орнатты. Литва біріншілігінде жалпы 117 гол салған. Сондай-ақ, ол құрама сарында жеті ойынға қатысып, үш гол салған.