Футбол
30 қыркүйек 20:54

"Реалмен" матч алдында "Қайраттың" Сәтбаевқа қолданған шарасы қайран қалдырды

©"Қайрат" ФК

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі мадридтік "Реалға" қарсы матч қарсаңында Ұлыбританияда "Қайраттың" 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтбаевқа қатысты пікір айтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматылықтардың жас ойыншысы "Тұманды Альбион" елінің сарапшыларының ерекше назарын аудартты. Себебі келесі жылы ол толыққанды түрде лондондық "Челси" клубына ауысуы тиіс.

"Сәтбаев соншалықты ынтамен жаттығады, тіпті кейде бапкерлер оған жаттығудан кейін алаңда тым ұзақ қалуға тыйым салуға мәжбүр болады", - деп жазады The Sun.

Басылым авторлары ойыншыны маңызды сынақ күтіп тұрғанын атап өтті:

"Қайрат" Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде өз алаңында матч өткізеді. Қарсылас – турнирдің 15 мәрте жеңімпазы "Реал".

"Қайраттың" жалпы құрамы 11 миллион фунтқа бағаланса, "Реалдың" футболшылары 1,2 миллиард фунт тұрады. Бұл – нағыз "Давид пен Голиаф" стиліндегі текетірес. Дегенмен, Сәтбаев секілді ойыншымен алаң иелері өз мүмкіндіктеріне сеніп отыр", - делінген мақалада.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport