Жозе Моуринью мадридтік "Реалға" орала салысымен жұмысқа бел шешіп кірісіп кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Маусым айында Флорентино Перес клуб президенті болып қайта сайланған соң, португалиялық маман "корольдік клубтың" тізгінін тағы бір мәрте қолға алған болатын.
Моуринью команданың ішкі мүмкіндіктерін зерттеуді бастап кетті. Журналист Рамон Альварес де Монның мәліметінше, бапкердің алғашқы қадамдарының бірі клуб академиясының жұмысын жан-жақты талдау болды.
Маман жас футболшылар мен дайындық жүйесіне қатысты түрлі есептерді сұратып, "Реалдың" жақын резерві туралы толық ақпарат алуға ниетті. Осылайша, Моуринью негізгі құрамды күшейту үшін клуб тәрбиеленушілерінің әлеуетін бағаламақ.
Сонымен қатар, мадридтік клуб жазғы трансферлік науқанда құрамын күшейтуді жалғастырып жатыр. Осы жазда "Реал" сапына "Челсиден" Марк Кукурелья, "Ливерпульден" Ибраима Конате және "Манчестер Ситиден" Бернарду Силва қосылды.
?Mourinho se está mostrando muy activo en sus primeros días como entrenador del Real Madrid. Está reclamando todos tipo de informes sobre la cantera para conocerla lo mejor posible cuanto antes. pic.twitter.com/3BtMDso4Xi
— Ramón Álvarez de Mon (@Ramon_AlvarezMM) June 22, 2026
Жарнама