Колумбиялық футболшы Франк Кастаньеда карьерасын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
27 жастағы ойыншы "Шерифке" биылғы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне дейін жетуге көмектескені айтылады. Іріктеу кезеңінде ол жеті матчке қатысып, екі гол салған және үш нәтижелі пас берген.
Әмбебап футболшы Молдова чемпионатындағы 52 матчта 34 гол соғып, 21 ассист жасаған.
Кастаньедаға қазақстандық үш бірдей команда қызығушылық танытып отыр екен. Ол қазіргі клубымен қоштасып қойыпты.
Айта кетейік, колумбиялық ойыншы "Шериф" капитаны болған, соның ішінде, "Реалды" ұтқан (2:1) матчте де капитандық міндет атқарды.