"Реалға" Карло Анчелотти келді. Бапкер келісімшарты мен еңбекақысының мән-жайы айтылды

Карло Анчелотти. Сурет: Reuters

Мадридтік "Реал" клубы Карло Анчелоттиді бас бапкер қызметіне тағайындағанын хабарлады. 61 жастағы маманмен келісімшарт 2024 жылдың 30 маусымына дейін жасалды.

Бұған дейін бапкер "Эвертон" командасында болды.

Анчелотти "Реалды" бұрын да 2013 пен 2015 жылдар аралығында жаттықтырған. Оның жетекшілігімен мадридтіктер Чемпиондар лигасы мен әлемнің клубтық чемпионатының жеңімпазы болған, сондай-ақ, Испания кубогы мен УЕФА суперкубогын жеңіп алған.

"Реалда" Анчелотти бір маусымда алты миллиондай еуро еңбекақы алатын болады. Бұл туралы Twitter желісінде журналист Фабрицио Романо хабарлады.

Жаңалықтар