Футбол
30 қаңтар 13:58

"Реалға" баспен гол соққан қақпашы мәлімдеме жасады

©

"Бенфика" клубының украиналық қақпашысы Анатолий Трубин Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы матчта мадридтік "Реалды" ұтқаннан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Плей-офф кезеңіне шығу үшін "Бенфикаға" кемінде екі гол айырмасымен жеңіс қажет еді. Матчтың 98-минутында, есеп 3:2 болып тұрған сәтте Трубин стандарт кезінде қарсыластың айып алаңына барып, баспен шешуші төртінші голды соқты.

Нәтижесінде "Бенфика" 4:2 есебімен әсерлі жеңіске жетіп, турнирлік кестеде "Брюггеден" ұтылған "Олимпиктен" озып кетті.

"Кейде футбол сен жоспарлағаннан да артық мүмкіндік береді. Тіпті гол соғуға да. Бізді қолдаған және жанымызда болған барша жанкүйерлерге рахмет", - деп жазды Трубин әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, қақпашы Чемпиондар лигасындағы дебюті де дәл "Реалға" қарсы матчта өткенін еске салды.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport