"Барселона" қорғаушысы Жерар Пике "корольдік" клуб пен Месси жайлы пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Мүмкін емес. "Реалға" ауысқанша өлгенім артық. Өзге бапкерлер секілді Хави біздің командада өз шарттарын қойып жатыр. Оның орнатқан заңдарына бағынуымыз керек. Біз оны тыңдауымыз керек. Месси "Барселонадан" кеткен күн – өмірімдегі ең ауыр күн болды. Себебі киім ауыстыру бөлмесінде 16 жыл бойы көрші болдық. Ол менің бауырымдай болып кетті. Енді міне Месси "Алтын доп" иегері атанып, футбол тарихындағы ең мықты ойыншылардың бірі екенін дәлелдеді", - дейді Пике.
Еске салайық, "ПСЖ" және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2021 жылдың қорытындысы бойынша "Алтын допты" карьерасында жетінші рет иеленді.