"Реалдың" шабуылшысы Гарет Бэйл карьерасын аяқтауы мүмкін

©Reuters

Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Гарет Бэйл жақын арада мансабын аяқтауы мүмкін, деп хабарлайды Cope порталы.

Дереккөздің хабарлауынша, егер оның ұлттық құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына шыға алмаса, уэльстік футболшы мансабын аяқтауға дайын. Кеше Уэльс әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің жартылай финалында Аустрияны жеңген болатын. Матч барысында Гарет Бэйл дубль жасады.

Финалда Уэльс құрамасы Украина-Шотландия жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Бэйлді "Реал Мадрид" клубының бас бапкері Карло Анчелотти де керек қылмауда. Уэльстік шабуылшы биылғы маусымда мадридтік команда үшін небәрі бес матч өткізді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport