Футбол
3 наурыз 09:47

"Реалдың" матчі 18 жылдан кейін қайтадан сенсациямен бітті

©"Реал" ФК

Мадридтік дербиде "Хетафе" сырт алаңда "Реалды" 1:0 есебімен ұтып, алаң иелерінің чемпиондыққа таласын қиындатып қойды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жалғыз соққы шешуші болды

Кездесудің 39-минутында уругвайлық шабуылшы Мартин Сатриано корльдік клуб қақпасына дәл соққы жасап, матчтағы жалғыз әрі шешуші голды соқты.

Қосымша минуттардағы шиеленіс

Ойынның қосымша уақытында эмоциялар шегіне жетті. 90+5-минутта "Реал" клубының аргентиналық вингері Франко Мастантуоно алаңдағы әрекеті үшін тікелей қызыл қағаз алды.

Араға екі минут салып, "Хетафе" де бір ойыншысынан айырылды - испаниялық шабуылшы Адриан Лисо уақыт созғаны үшін екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.

Турнирлік жағдай

Бұл жеңілістен кейін "корольдік клуб" 60 ұпаймен екінші орында қалды. Мадридтіктер көш бастап тұрған каталониялық "Барселона" командасынан төрт ұпайға артта қалды.

Ал "Хетафе" 32 ұпай жинап, турнирлік кестеде 11-орынға көтерілді.

Келесі турда "Реал" 6 наурыз күні сырт алаңда "Сельта" командасымен кездессе, "Хетафе" 8 наурызда өз алаңында севильялық "Бетис" клубын қабылдайды.

Айта кетейік, "Хетафе" бұған дейін 2008 жылы "Сантьяго Бернабеу" стадионында "Реалды" дәл осындай есеппен ұтқан болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport