"Реалдың" Ла Лигадағы матчі сенсациямен бітті

©Global Look Press

Мадридтік "Реал" Испания чемпионатының 33-турында күтпеген жерден "Реал Сосьедад" командасынан ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сан-Себастьянда өткен кездесу 2:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. Гол салған Такэфуса Кубо (47-минут) және Андер Барренеч (85) болды. 61-минутта Даниэль Карвахаль алаңнан қуылғаннан кейін мадридтіктер азшылықта ойнай бастағанын айта кетейік.

Бұл сәтсіздікке қарамастан "Реал" 68 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында қалды. Ал "Реал Сосьедад" (61) төртінші орында.

13 мамырдағы келесі турда "Реал Сосьедад" өз алаңында "Жиронамен", мадридтік "Реал" да өз алаңында "Хетафемен" ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport