21 жастағы шабуылшы Гонсало Гарсия Испания чемпионатының 18-турында "Реалға" өз алаңында "Бетисті" ірі есеппен жеңуге септігін тигізіп, бірегей жетістікке жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Реал" 5:1 есебімен жеңіске жетті, ал Гарсия 20, 50 және 82-минуттарда гол салып, хет-трик жасады.
OptaJose деректеріне сәйкес, Гарсия XXI ғасырда Ла Лигадағы "Реал" үшін алғашқы нәтижелі матчында үш гол соққан екінші футболшы атанды. Бұған дейін мұндай көрсеткішке 2006 жылдың қыркүйегінде Руд ван Нистелрой "Левантеге" қарсы ойында жеткен.
Осы нәтижеден кейін "Реал" 45 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында тұр. Ал "Бетис" 28 ұпаймен алтыншы сатыға жайғасты.
10 қаңтарда "Бетис" сырт алаңда "Овьедомен" ойнайды, ал 17 қаңтарда "Реал" өз алаңында "Левантені" қабылдайды.
Жарнама