"Реалдың" жартылай қорғаушысы маусымның соңына дейін ойнай алмайтын болды

©Reuters

Мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Эден Азар жарақатына байланысты маусым соңына дейін қатардан шығып қалды. 

Өткен аптада 31 жастағы жартылай қорғаушы тексерістен өткен еді. Оның қорытындысы бойынша футболшының жарақаты ауыр екені анықталды. 

El Chiringuito TV тілшісі Хосе Луис Санчестің таратқан ақпараты бойынша, енді Азар маусым соңына дейін алаңға шыға алмайды. 

Айта кетейік, "Реалға" ауысып келгеннен бері Азар 500 күндей ойнай алмады. Ол бас-аяғы 14 мәрте жарақат алған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport