Футбол
Бүгін 10:05

"Реалдың" жаңа бас бапкері Винисиусқа қатысты ойын айтты

©Depositphotos.com/Musiu0

Мадридтік "Реалдың" жаңа бас бапкері Альваро Арбелоаға алғашқы баспасөз мәслихатында-ақ бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниорға қатысты сұрақ қойылды. Футболшы мықты ойыншы болғанымен, мінезінің қиқарлығы да бар, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен әлі болмаған жағдайға сценарий құрмаймын. Мені тек ертеңгі матч алаңдатады. Командада Винисиус сияқты ойыншының бары - мен үшін үлкен бақыт, оны біздің жанкүйерлердің барлығы жақсы көреді. Біз соңғы финалды бәріміз көрдік: Винисиус ойнаудан ләззат алып, күліп, билеп жүрді. Мен дәл осындай Виниді көргім келеді", - деді Арбелоа журналистерге.

Арбелоа дүйсенбі күні мадридтіктердің тізгінін қолына алып, бас бапкер қызметінде Хаби Алонсоны алмастырды. Ал бүгін, 14 қаңтарда "Реал" жаңа бапкердің жетекшілігімен алғашқы матчын өткізеді - мадридтіктер Испания Кубогының 1/8 финалында "Альбасетеге" қарсы ойнайды.

Арбелоа 2025 жылдың маусым айынан бастап "Кастильяны" жаттықтырды, ал 2020 жылдан бері "Реалдың" жастар академиясы жүйесінде жұмыс істеп келді. Ол Infantil A командасынан бастап, 2020/2021 маусымында чемпион атанды, кейін 2021/2022 маусымында Cadete A-ны басқарды, ал 2022–2025 жылдары Juvenil A командасын жаттықтырды.

Juvenil A командасымен Арбелоа айтарлықтай жетістіктерге жетті: 2022/2023 маусымында оның командасы чемпионат, Испания Кубогы және Чемпиондар кубогын жеңіп алып, требл жасады, ал 2024/2025 маусымында ел чемпионы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport