Мадридтік "Реалдың" жаңа бас бапкері Альваро Арбелоа команданың футболдан Испания Кубогынан шығып қалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
1/8 финалдағы матчта мадридтіктер екінші лигада өнер көрсететін "Альбасетеден" 2:3 есебімен ұтылды. Бұл ойын Арбелоа үшін "Реал" тізгініндегі дебюттік кездесу болды.
"Бұл клубта тіпті тең нәтиженің өзі жаман көрсеткіш, трагедия секілді, ал жеңіліс - одан да ауыр, әсіресе басқа лигадағы командадан.
Егер кінәлі іздесек, ең алдымен менмін: құрамды таңдадым, ойын стилін белгіледім және ауыстырулар жасадым. Ойыншылардың мені қалай қабылдағаны үшін алғыс айтудан және олардың физикалық әрі психологиялық тұрғыда қалпына келуіне көмектесуден басқа амал жоқ.
Мен құрамды таңдағанда сенімді болдым. Менің қолымда талантты футболшылар бар, бірақ, оларға мен сұрағанды бірден орындау оңай емес. Соның нәтижесінде жауапкершілік бәрібір менің мойнымда қалады", - деп келтіреді Marca басылымы Арбелоаның сөзін.