Футбол
25 наурыз 2022 12:35

"Реалдың" ең көп жалақы алатын футболшысы командадан кеткісі келмейтінін мәлімдеді

©Marca

Бельгия құрамасының жартылай қорғаушысы Эден Азар мадридтік "Реалдан" кетісі келмейтінін хабарлады. Бұл туралы Marca басылымы жазды. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, жартылай қорғаушы келісімшарты аяқталғаншы "Реал" сапында қалғысы келеді. Азар мен команда арасындағы келісімшарт 2024 жылдың жазында аяқталады. 

Бірақ мадридтік команда жартылай қорғаушыны сатқысы келеді. Оған басты себеп - Азардың жалақысы. Бүгінде Эден Гарет Бейлмен бірге командадағы ең көп жалақы алатын футболшы. Соңғы ақпарат бойынша, бұл екі футболшы айына 2,27 миллион доллар алады. 

Еске салайық, Азар "Реал" сапына 2019 жылы 115 миллион еуроға ауысып келді. Биыл ол Испания чемпионатында 17 кездесуге қатысып, бір нәтижелі пас берді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport