"Реалдың" экс-ойыншысы Роналдуды мықтылар қатарына қоспайды

©championat

"Реал" мен Италия құрамасының экс-шабуылшысы Антонио Кассано Криштиану Роналдудың агенті Жорже Мендештің пікіріне қарсы келді. Португалиялықтың агенті Роналдуды әлем футболының тарихында ең мықты ойыншы деп атаған болатын.

"Роналду әлемнің ең үздік ойыншысы деген оймен келіспеймін. Ол тіпті әлемнің ең үздік бес футболшысының қатарына кірмейді. Мен үшін Месси, Пеле, Марадона, Кройфф және бразилиялық Роналдо ең мықты ойыншылар болып табылады", - дейді Кассано.

Еске салайық, "Алтын доп" иесі Париждің Шатле театрында 29 қарашада белгілі болады. Криштиану Роналду маусымда үздік өнер көрсеткен 30 футболшының қатарында бар.

Роналдуды сынға алған Кассаноның жетістікеріне көз жүгіртсек, кезінде шабуылшы ретінде Италия сапында небәрі 39 матч өткізіп, 10 гол салған. 2012 жылы "скуадра адзурра" сапында Еуропа чемпионатының күміс медалін еншіледі. Сонымен қатар, "Реал" сапында 19 матчта 2 рет ерекшеленген. Испания Ла Лигасының чемпионы атанды.

Ал Роналду болса Португалия құрамасында алаңға 182 рет шығып, 115 гол соқты. Құрамасының сапында 2004 жылы Еуроның күмісін, 2012 жылы Польша мен Украинада өткен кәрі құрлық турнирінде қола және 2016 жылы Еуропа чемпионы атанды. "Реал" клубында 292 ойында 311 гол салған. Чемпиондар Лигасының бірнеше дүркін иегері атанды. Бүгінгі таңда Роналду "Манчестер Юнайтед" клубының негізгі шабуылшысы. Жазғы трансферлік маусымда бұрынғы командасына қайта ауысқан Криштиану "МЮ" сапында өткізген 5 матчта 3 гол салып үлгерді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар