Жарнама

Футбол
Бүгін 17:58
 

"Реалдың" екі бірдей ойыншысы маусымды ерте аяқтады

  Пікірлер

blog.share

"Реалдың" екі бірдей ойыншысы маусымды ерте аяқтады ©x.com/realmadrid

"Реал Мадрид" Чемпиондар лигасындағы сәтсіздігінен кейін тағы да қиындыққа тап болып отыр. Екі бірдей ойыншысы үшін маусым ерте аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz. 

blog.share

"Реал Мадрид" Чемпиондар лигасындағы сәтсіздігінен кейін тағы да қиындыққа тап болып отыр. Екі бірдей ойыншысы үшін маусым ерте аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz. 

Белгілі болғандай, Эдер Милитао мен Арда Гюлер маусымның қалған бөлігінде командаға көмектесе алмайды.

Медициналық тексерулер нәтижесінде екі ойыншыда да жарақат бары анықталған. Милитаода – сол аяқтың сан бұлшықеті зақымданған, ал Гюлерде дәл осындай жарақат оң аяғында бары анықталды.

Клуб мәлімдемесінде қалпына келу процесі медициналық штабтың тұрақты бақылауында болатыны айтылды.

Алдын ала болжам бойынша, олардың алаңға оралу мерзімі кемінде төрт аптаға созылады. Бұл іс жүзінде екі футболшы үшін де маусымның мерзімінен бұрын аяқталғанын білдіреді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!