Мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 7-турда өз алаңында «Монаконы» ойсырата ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
«Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен кездесу 6:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Жеңімпаздар құрамында Килиан Мбаппе дубль жасап, 5 және 26-минуттарда мергендік танытты. Сонымен қатар, Франко Мастантуоно (51-минутта), Винисиус Жуниор (63-минутта) және Джуд Беллингем (80-минутта) бәр голда соқты.
Тағы бір допты 55-минутта «Монако» қорғаушысы Тило Керер өз қақпасына салып қойды. Қонақтар сапынан Джордан Тезе 72-минутта мергендік көрсетті.
Бұл жеңістен кейін 15 ұпай жинаған «Реал» Чемпиондар лигасының жалпы турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Ал тоғыз ұпайы бар «Монако» 20-орында тұр.
28 қаңтардағы күні келесі турда мадридтік клуб сырт алаңда португалиялық «Бенфикамен» кездессе, «Монако» өз алаңында туриндік «Ювентуспен» ойнайды.
Жарнама