Футбол
Бүгін 11:09
 

"Реалдың" бұрынғы қақпашысы 39 жасында карьерасын аяқтады

  Пікірлер

blog.share

"Реалдың" бұрынғы қақпашысы 39 жасында карьерасын аяқтады ©Depositphotos/mrogowski_photography

Мадридтік "Реалдың" бұрынғы қақпашысы Антонио Адан 39 жасында карьерасын аяқтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы испаниялық футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Мадридтік "Реалдың" бұрынғы қақпашысы Антонио Адан 39 жасында карьерасын аяқтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы испаниялық футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен бұл туралы ұзақ ойландым және карьерамды аяқтағанымды жариялағым келеді. Бала кезімде армандаған дүниелердің бәрін бастан өткердім. Жеңіске де жеттім, жеңілісті де көрдім, жыладым, қуандым, ең бастысы – көп нәрсе үйрендім. Маған қол жеткізген дүниелерімнің бәрін футбол сыйлады. Мұның бәрі мәңгі есімде қалады", – деп жазды Адан.

Испаниядағы карьерасы

Адан – "Реалдың" түлегі. Ол 2013 жылға дейін мадридтік клубтың жүйесінде болды. Кейін қақпашы Италияның "Кальяри" командасына ауысты. Алайда негізгі құрамнан тұрақты орын ала алмады.

2014 жылы испаниялық қақпашы отанына оралып, "Бетис" клубының ойыншысы атанды. Ол бұл командада төрт маусым өнер көрсетті. Ал 2018-2020 жылдар аралығында мадридтік "Атлетико" сапында болды. Дегенмен бұл клубта да тұрақты ойын тәжірибесіне қол жеткізе алмады.

Соңғы клубтары

2020 жылдың жазында қақпашы Лиссабонның "Спортинг" клубына ауысты. Португалиялық команда сапында 2024 жылға дейін өнер көрсеткеннен кейін, карьерамын Иранның "Эстегляль" клубында жалғастырды. Бұл команда Аданның кәсіби карьерасындағы соңғы клубы болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!