1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Футбол
Бүгін 10:02
 

"Реалдың" бұрынғы бапкері командасымен ресми келісімшартқа отырды

  Пікірлер

blog.share

"Реалдың" бұрынғы бапкері командасымен ресми келісімшартқа отырды Карло Анчелотти (сол жақта) және Флорентино Перес. ©Depositphotos/mrogowski_photography

Италиялық маман Карло Анчелотти ресми түрде Бразилия құрамасымен келісімшартын 2030 жылғы әлем чемпионатына дейін ұзартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Италиялық маман Карло Анчелотти ресми түрде Бразилия құрамасымен келісімшартын 2030 жылғы әлем чемпионатына дейін ұзартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Италиялық бапкерге Бразилияда қатты сеніп отыр

Бұл туралы Бразилия футбол конфедерациясы (CBF) өзінің ресми сайтында мәлімдеді.

Ұйым өкілдері бұл шешім бапкер жұмысына берілген қолдаумен қатар, ұлттық құрама ойыншылары мен жанкүйерлерінің сеніміне байланысты қабылданғанын атап өтті.

"Әлем футболы тарихындағы ең табысты құрама - Бразилия ұлттық командасының бас бапкері қызметіндегі Анчелоттидің жұмысын жалғастыруы CBF-тің қолдауын ғана емес, сонымен бірге, оның 2025 жылдың мамыр айының соңында келгеннен бері команда мен бразилиялық жанкүйерлер арасында қалыптастырған сенімін де паш етіп отыр", - делінген CBF мәлімдемесінде.

Анчелоттидің "селесаодағы" нәтижелері

Карло Анчелотти Бразилия құрамасын 2025 жылдың мамырында тізгіндеді. 66 жастағы маманның жетекшілігімен ұлттық құрама он матч өткізді. Оның бесеуінде жеңіске жетіп, екі рет тең ойнап, үш мәрте жеңіліс тапты.

Бразилия футбол федерациясы тәжірибелі бапкер команданы 2030 жылғы әлем чемпионатына жақсылап дайындай алады деп сенеді.


Аңыз бапкердің мансабы

Бразилия құрамасына дейін Анчелотти Еуропаның бірқатар алпауыт клубтарын жаттықтырды. Әр жылдары ол AC Milan, Juventus FC, SSC Napoli, Real Madrid CF, Paris Saint-Germain FC, FC Bayern Munich және Everton FC клубтарын баптаған.

Анчелотти ұлттық чемпионаттар мен Чемпиондар лигасын бірнеше мәрте жеңіп алып, футбол тарихындағы ең атақты әрі ең табысты бапкерлердің біріне айналды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!