"Реалдың" басты трансферлік мақсатына "Барселона" көз тікті
Испаниялық "Барселона" футбол клубы германиялық "Бавария" мен Канада құрамасының қорғаушысы Альфонсо Дэвиске көз тікті. Футболшыға мадридтік "Реал" да қызығушылық танытып отырған еді.
Испаниялық "Барселона" футбол клубы германиялық "Бавария" мен Канада құрамасының қорғаушысы Альфонсо Дэвиске көз тікті. Футболшыға мадридтік "Реал" да қызығушылық танытып отырған еді.
Мадридтіктер мықты қорғаушыларының жарақат алып қалуына байланысты қорғаныс шебін күшейткісі келеді. Бірақ "Барселона" да Дэвисті қатарына қосу амалдарын қарастырып жатыр, сондықтан бітіспес қарсыласынан оны бұрын алып қоюға тырысады. Алайда бұл қаражаты шектеулі каталондықтар үшін қаржылық жағынан қиындық тудырып отыр. Оның үстіне Mundo Deportivo мәліметінше, футбошшының агенті келісімшарт жасаған командадан 30 миллион үстемақы талап етпек.
24 жастағы Альфонсо Дэвистің жетістіктері:
Дэвис "Бавария" сапында 2019 жылдан бері өнер көрсетіп келеді, оған дейін "Ванкувер Уайткэпс" командасында ойнаған.
Футболшының мюнхендіктермен келісімшарты 2025 жылдың 30 маусымына дейін есептелген, ал Transfermarkt футболшының трансферін 50 миллион еуроға бағалап отыр.
Бундеслиганың биылғы маусымында Дэвис 13 матчке қатысып, бір гол салып, нәтижелі екі пас берді.
Жарнама