"Реалдың" бапкері "Барселонадан" ұтылғанына кім кінәлі екенін айтты

©Reuters

Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Карло Анчелотти өз алаңында "Барселонадан" ұтылғандарына қатысты пікір білдірді.

"Барселона" сырт алаңда "Реалды" ойсырата ұтты

"Команда өзіне ұқсамады, бәрі кері болды. Басын жақсы бастадық та, гол өткізіп алысымен бақылауды жоғалттық. Олар қателіктерімізді пайдаланды. Бірінші рет мен ойыншылардан көбірек шабуылдауын сұрадым, бірақ, гол сала алмадық. Қорғаныста қиындық пайда болды. 

"Эль класикода" оңай матч болмайды, жанкүйерлер бізден тек жеңіс күтеді. Бүгін біз ұтылдық, бірақ, басымдық бізде.

Қайғылы ештеңе бола қойған жоқ. Алдағы екі апта жақсылап дем алып, дұрыс дайындалу керек. Бүгінгі жеңіліс - бұл менің кінәм, бапкердің", - деп береді Анчелоттидің сөзін Marca.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport