Мадридтік "Реал" Испания Кубогының 1/8 финалындағы матчта "Альбасетеден" ұтылып, турнирден шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Реал" екінші лигада ойнайтын командамен Альбасетеде кездесті.
42-минутта Хави Вильяр дәл соққымен есеп ашып, "Альбасете" жанкүйерлерін дүр сілкіндірді. Ал бірінші таймға қосылған уақытта (45+3) аргентиналық Франко Мастантуоно есепті теңестіріп, матч қызығын жандандыра түсті.
Ойынның шешуші сәті нағыз тартысқа толы болды: 82-минутта Хефте Бетанкор алаң иелерін қайтадан алға шығарды, алайда, "Реал" жауап беруге үлгерді - 90+1-минутта Гонсало Гарсия мадридтіктердің екінші голын соқты. Алайда бұл матчте "Альбасетенің" жұлдызы жанды: 90+4-минутта жеңіс голын салған Бетанкор кештің басты қаһарманы атанды.
Нәтижесінде мадридтік "Реал" Испания Кубогынан шығып қалды. "Альбасетемен" өткен бұл кездесу жуырда Хаби Алонсоны алмастырған жаңа бас бапкер Альваро Арбелоаның "Реал" тізгініндегі дебюттік ойыны болды.
? FP: @AlbaceteBPSAD 3-2 @RealMadrid
— Real Madrid C.F. (@realmadrid) January 14, 2026
⚽ 42' Javier Villar
⚽ 45'+3' Mastantuono
⚽ 82' Jefté T.
⚽ 90'+1' @Gonzalo7Garcia_
⚽ 90'+4' Jefté T.
? @Emirates pic.twitter.com/qPHAzLaZaT
Жарнама