"Реалдың" 60 миллионға алған жаңа ойыншысы Зиданның көңілінен шықпады

© xsport.ua
Мадридтік "Реалдың" жаңа ойыншысы Лука Йович алдағы трансферлік кезеңде команда ауыстыруы мүмкін, - деп хабарлайды Marca.

Ақпарат бойынша, 21 жастағы шабуылшы маусым алды дайындықта мадридтіктердің бас бапкері Зинедин Зиданның көңілінен шықпаған. Осыған байланысты форвардты жалға беру жолдары қарастырылып отыр.

21 жастағы Йовичтің германиялық "Айнтрахттан" ауысқаны жайлы 4 маусымда белгілі болған. "Реал" мен футболшы арасындағы келісімшарт 2025 жылдың жазына дейін есептелген. Бұл ойыншының трансфері үшін "Реал" 60 миллион еуро төлеген еді.

Өткен маусымда Йович Бундеслиганың 32 матчінде ойнап, 17 гол және бес нәтижелі пас берген. Сонымен бірге, ол Еуропа Лигасында он гол салып, бір ассист жасаған. Ол кезде футболшының франкфурттық командасы жартылай финалға дейін жеткен. 
Жаңалықтар