21 жастағы Йовичтің германиялық "Айнтрахттан" ауысқаны жайлы 4 маусымда белгілі болған. "Реал" мен футболшы арасындағы келісімшарт 2025 жылдың жазына дейін есептелген. Бұл ойыншының трансфері үшін "Реал" 60 миллион еуро төлеген еді.
Өткен маусымда Йович Бундеслиганың 32 матчінде ойнап, 17 гол және бес нәтижелі пас берген. Сонымен бірге, ол Еуропа Лигасында он гол салып, бір ассист жасаған. Ол кезде футболшының франкфурттық командасы жартылай финалға дейін жеткен.