"Реалдың" 20 жастағы жұлдызы ЧЛ-де атын тарихқа жазды

©realmadrid.com

Мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 5-турындағы "Наполиге" қарсы ойында бірегей жетісітікке жетті, деп жазады Vesti.kz.

Мадридте өткен ойын 4:2 есебімен алаң қожайындарынң пайдасына аяқталды. Беллингем матчтің 22-минутында гол салды. 

Осылайша, 20 жастағы англиялық "Реал" тарихында Чемпиондар лигасындағы алғашқы төрт ойында да гол салған бірінші футболшы болып отыр. 

Жалпы Беллингем Чемпиондар лигасында 10 гол салған. Ол англиялық футболшылар арасында осы межеге 21 жасқа дейін жеткен бірінші ойыншы екен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport