"Реалды" ұтқан клубтағы қазақстандық командаластарын жеңіспен құттықтады

©instagram.com/_danil_07_

Қазақстанның жастар құрамасы U-19 командасының ойыншысы Данил Анкудинов молдовалық "Шерифтің" жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Тираспольдік клуб Еуропа лигасындағы матчте өз алаңында португалиялық "Браганы" (2:0) ұтты, ал форвард командаластарын қысқа құттықтады.

"Dream team", - деп жазыпты Анкудинов.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде "Реал" мен донецктік "Шахтерді" ұтқан молдовалық клуб Еуропа лигасында өнер көрсетуін жалғастыруда. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport