"Реалды" Ла Лиганың бел ортасында тежеді

©globallookpress.com

Испания чемпионатының бел ортасы - 19-тур матчінде мадридтік "Реал" мен "Реал Сосьедад" кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мадридтегі "Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Бұл ойында тек алаң қонақтарының қақпашысы Алекс Ремиро мықты ойын көрсеткенін атап өтуге болады. 

Бұл матчтен кейін ұпай жинай алмаған "Реал" (42) турнир кестесінде "Барселонадан" (47) бес баллға дейін алшақтап қалды, ал Иманоль Альгуасиляның командасы 39 ұпаймен үшінші келеді.

5 ақпанда өтетін келесі турда "Реал" сырт алаңда "Мальоркамен", ал "Реал Сосьедад" өз алаңында "Вальядолид" клубымен ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар