Мадридтік "Реалдың" бұрынғы жартылай қорғаушысы Даниэль Себальос карьеарсын "Бетисте" жалғастырады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Өз клубына қайта оралды30 жастағы испаниялық футболшы "Бетиске" еркін агент ретінде ауысып, клубпен 2029 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қойды.
Себальос - "Бетистің" түлегі. Ол 2014-2017 жылдар аралығында негізгі құрамда өнер көрсетіп, командамен бірге Сегунда чемпионы атанды.
"Реалдағы" карьерасы және 16 трофейСебальос 2017 жылдың жазында "Бетистен" "Реалға" 16,5 миллион еуроға ауысты. Содан бері жартылай қорғаушы "корольдік клуб" сапында ресми турнирлерде 215 матч өткізіп, жеті гол соқты және 16 нәтижелі пас берді.
"Реал" құрамында ол 16 жүлде жеңіп алды. Атап айтқанда, Чемпиондар лигасы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатында үш реттен, УЕФА Суперкубогында екі рет, Испания чемпионатында екі рет, Испания кубогі мен Суперкубогінде үш реттен, сондай-ақ ФИФА құрлықаралық кубогінде жеңімпаз атанды.
Арбелоамен жанжал және "Реалдан" кетуіИспаниялық футболшы "Реалдың" бұрынғы бас бапкері Альваро Арбелоамен жанжалдасып, бұл жағдай оның ойын уақытынан айырылуына әсер етті.
Нәтижесінде Себальос 2026 жылдың маусымында мадридтік клубпен келісімшартын мерзімінен бұрын бұзды. Оның келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды еді. Футболшы келісімшарттың соңғы жылындағы төлемінен бас тартқан.
АПЛ және Испания құрамасындағы тәжірибесі2019-2021 жылдары Себальос Лондонның "Арсенал" клубында жалға алынған футболшы ретінде өнер көрсетті. Ағылшын командасымен бірге Англия кубогі мен Суперкубогін жеңіп алды.
Испания құрамасының сапында Себальос 2018-2023 жылдар аралығында 13 матч өткізіп, бір гол соқты және екі нәтижелі пас берді.