Футбол
1 қазан 2018 08:58
 
"Реалдағы" сатқындық". Роналдудың "Ювентуске" ауысуының мән-жайы жарияланды

  Пікірлер

blog.share

"Реалдағы" сатқындық". Роналдудың "Ювентуске" ауысуының мән-жайы жарияланды Криштиану Роналду. © Eurosport

Испаниялық El Mundo басылымы Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың мадридтік "Реалдан" қалай кеткені жайлы мән-жай жазылған материал жариялады. Бұл мақалада журналистер футболшының испаниялық клубта тап болған "сатқындық" туралы жазыпты.  

2017 жылы мамырда Роналду агент Жорже Мендеш және кеңесшілерімен кездескен. Олар испанияның салық қызметімен болғаны қиындықтарды талқылаған. Футболшы бизнес-құрылым жасап, салықтан жалтарғанын осы арқылы жасырған деп айыпталған еді. Ал футболшы салықты демеушілер төлеу керек болса, неге өзін айыптап отырғанын түсінбейтіндігін және ешқашан оларды салықтан жалтаруын сұрамағынан айтып ақталды. 

Осылайша, Роналду 19 миллион еуро айыппұл төлеп, шартты мерзімге кесілген болатын. Осыдан кейін португалиялық "Реал" басшылығы қаржылай қиындықты өткеруге септесетін жақсартылған келісімшарт ұсынады деп үміттенген. Алайда бұлай болмады, мұны Роналду сатқындық ретінде қабылдады. Сонымен қатар, ол ақысының Лионель Месси мен Неймардікінен төмен екеніне наразы болды. 

Бұған қоса, Роналду клуб тарихындағы ойыншылар тізімінде өзін Альфредо Ди Стефанодан кейін қоятыны шамына тиетін.

Шілдеде Роналду "Реалдан" италиялық "Ювентус" сапына ауысқан. Португалиялықтың трансфері 100 миллион және қосымша шығын үшін тағы 12 миллион еуро болды. Мадридтік клуб сапында Роналду 2009 жылдан бастап ойнады. Осы уақыт аралығында ол 438 ойында 451 гол салды, клуб тарихындағы үздік шабыуылшы атанды және Чемпиондар лигасын төрт рет ұтып алды. Қазір футболшының Туринде алатын ақысы 30 миллион еуро. 

Жарнама

Живи спортом!