Футбол
Бүгін 10:30

"Реалда" Винисиусқа қатысты шешім қабылды: "Арсенал" дайын тұр

©Depositphotos/Musiu0

Мадридтік "Реал" бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниордың өкілдерімен келіссөз өткізуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Sky Sports мәліметінше, тараптардың кездесуі осы аптада өтеді. Келіссөздің негізгі тақырыбы – футболшының мадридтік клубтағы болашағы.

Тараптар ұзақ мерзімді жаңа келісімшарттың талаптарын талқыламақ. Винисиустың "Реалмен" қазіргі келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін күшінде.

Жағдайды "Арсенал" жіті бақылап отыр

Винисиустың жағдайын Лондонның "Арсеналы" да мұқият бақылауда.

Бұған дейін ағылшын клубының бразилиялық вингерге қызығушылық танытып отырғаны хабарланған болатын. Егер ойыншы "Реалмен" жаңа келісімшарт бойынша ортақ мәмілеге келе алмаса, "Арсенал" оны өз қатарына қосуға әрекет жасауы мүмкін.


Винисиустың статистикасы

2025/26 жылғы маусымда Винисиус Жуниор барлық турнирде 53 матчқа қатысып, 22 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.

Transfermarkt порталының бағалауынша, 26 жастағы бразилиялық футболшының нарықтық құны 140 миллион еуроны құрайды. Соның арқасында ол әлемдегі ең қымбат футболшылардың қатарында тұр.
 
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport