Мадридтік «Реалдың» басшылығы Сауд Арабиясы клубтарына қысқы трансферлік кезеңде бразилиялық шабуылшы Винисиустың командадан кетпейтінін хабарлады, деп жазады Vesti.kz.
Bild басылымының мәліметінше, «корольдік клуб» форвардты сату мәселесін тек 2026 жылдың жазында қарастыруды жоспарлап отыр.
Бұған дейін Сауд Арабиясының бір клубы Винисиус үшін 200 миллион фунт стерлинг (шамамен 230 миллион еуро) ұсынғаны туралы ақпарат тараған болатын.
25 жастағы Винисиус «Реал» сапында 2018 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт ішінде ол: үш рет Испания чемпионы, екі рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды, барлық турнирде 351 матч өткізіп, 112 гол соғып, 94 нәтижелі пас берді.
Жарнама