Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем болашақта мадридтік "Реалдың" капитаны атануы мүмкін. Бұған оның команда ішіндегі беделі мен көшбасшылық қасиеттері себеп, деп хабарлайды Vesti.kz.
Беллингем "Реалдың" капитаны болуға үміткерЖурналист Хорхе Пиконның мәліметінше, ағылшын футболшысы командаластары арасында үлкен құрметке ие. Ол "корольдік клубтың" болашақ капитаны болуға басты үміткерлердің бірі ретінде қарастырылып отыр.
Сонымен қатар Беллингем бапкерлер штабымен үнемі байланыста болып, тактикалық мәселелерді талқылайды.
Беллингем "Реалдың" көшбасшыларының біріне айналдыЕске салайық, ағылшын футболшы 2023 жылдың жазында дортмундтық "Боруссиядан" 103 миллион еуроға ауысып, мадридтік клубтың қатарына қосылды. "Реал" сапында ол Чемпиондар лигасын, Испания чемпионатын және УЕФА Суперкубогын жеңіп алды.
Осы маусымда Беллингем барлық турнирде 16 матч өткізіп, бес гол соқты және төрт нәтижелі пас берді.
Transfermarkt мәліметінше, 23 жастағы жартылай қорғаушының нарықтағы құны 160 миллион еуроны құрайды.