"Реал Мадрид ТВ" клубтық арнасында командасының Қазақстанға алдағы сапарына қатысты наразылық білдірілді, деп хабарлайды Vesti.kz испаниялық AS басылымына сілтеме жасап.
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында мадридтік "Реал" алматылық "Қайратқа" қарсы матч өткізеді.
"Таң қалатындай ештеңе жоқ – бұл ең алыс сапар, тура жолмен 6500 шақырым. Қытаймен шекараның жанында, үйден тым алыс", – деді жүргізушінің бірі.
Тағы бір жүргізуші жеребеге қатысты ойын қосты:
"Міне, тағы да "Реалға" дәл осындай жеребе түсті. Басқа фавориттермен немесе бірінші қоржыннан шыққан командалармен салыстырғанда, бізге қайтадан ең теңсіз топ бұйырды – былтырғы маусымдағыдай.
Қызық сәйкестік – екі рет те жеребе компьютер арқылы өткізілді. Қаласаң, кейін бұны талқылаймыз, бірақ бұл – тым қатаң шешім. Тек қарсыластарға байланысты емес, тіпті деңгейі төмендеу командалармен де бізге ең нашар сапарлар тиіп жатыр – Қытай шекарасына дейін шамамен 300 шақырым, – деп атап өтті екіншісі.
Жарнама