Мадридтік "Реалдың" бұрынғы бас бапкері Альваро Арбелоа команда шабуылшысы Килиан Мбаппеге үндеу жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Испаниялық маман маусым аяқталғаннан кейін клубтан кетіп, әлеуметтік желіде франциялық футболшыға алғыс білдірген жазба жариялады.
"Килиан, қолдауың үшін рақмет. Осындай ұлы футболшыны жаттықтырғанымды мақтан тұтамын. Қиын кезеңдер өтеді, ал мықты адамдар мәңгі қалады. Тек алға, Килиан", - деп жазды Арбелоа әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, Арбелоа "Реалды" қаңтар айында бас бапкер Хаби Алонсо қызметінен кеткеннен кейін жаттықтыра бастаған болатын. Алайда оның мадридтік клубтағы жұмысы маусым соңында аяқталды.
Бұған дейін "корольдік клуб" басшылығы команданың жаңа бас бапкерімен келісімшартқа қол қойғаны хабарланған еді.
Ал Килиан Мбаппе "Реал" сапындағы алғашқы маусымын өте жоғары деңгейде өткізді. Франциялық шабуылшы барлық турнирде 44 матчқа қатысып, 42 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, ол Испания чемпионатының үздік сұрмергені атанып, Ла Лигада 25 голмен маусымды аяқтады.
Жарнама