Футбол
Бүгін 10:26
 

"Реала" мен "Ситидің" жеңісі және Мбаппенің алаңнан қуылуы: ЧЛ матчтері қалай өтті?

  Пікірлер

blog.share

"Реала" мен "Ситидің" жеңісі және Мбаппенің алаңнан қуылуы: ЧЛ матчтері қалай өтті? ©"Реал" Мадрид ФК

УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/27 маусымындағы негізгі кезеңінің алғашқы матчтары өтті. Vesti.kz сайтында барлық ойын нәтижелерімен таныс болығыз.

blog.share

УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/27 маусымындағы негізгі кезеңінің алғашқы матчтары өтті. Vesti.kz сайтында барлық ойын нәтижелерімен таныс болығыз.

Бельгиялық "Брюгге" өз алаңында ағылшынның "Астон Вилласынан" 2:3 есебімен ұтылды. Қонақтар ойын барысында үнемі алға шығып отырды, ал алаң иелері есеп айырмасын қымқартуға тырысумен болды. Жеңімпаздар сапында Джон Макгинн (11-минут), Эмилиано Буэндия (22-минут) және Николас Джексон (44-минут) гол соқты. "Брюгге" құрамынан Хуго Ветлесен (19-минут) мен Николо Трезольди (61-минут, пенальтиден) көзге түсті.

Грекиялық АЕК аустриялық ЛАСК-ты минималды есеппен ұтты - 1:0. Кездесудегі жалғыз голды 21-минутта Рэзван Марин соқты.

Испаниялық "Реал" Мадридте италиялық "Интерді" 2:1 есебімен ұтты. "Корольдік клуб" алғашқы таймда Килиан Мбаппе (14-минут) пен Федерико Вальверденің (23-минут) голдарының арқасында екі рет есепте алға шықты. Үзілістен кейін қонақтар сапынан Карлос Аугусто (77-минут) бір голдың қарымтасын қайтарды. Жозе Моуринью шәкірттері жеңісті есепті соңына дейін сақтап қалды.

Португалиялық "Порту" өз алаңында ағылшынның "Манчестер Ситиіне" төтеп бере алмады - 0:2. "Қалалықтар" сапында Эрлинг Холанд дубль жасады (47 және 90+1-минуттар). "Сити" мен Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов ойынды қосалқы құрамда бастады. Алайда ол 48-минутта Йошко Гвардиолдың орнына алаңға шықты.

Дортмундтық "Боруссия" испаниялық "Вильярреалдан" басым түсті - 3:2. Барлық гол екінші таймда соғылды. Алаң иелері Ренату Вейганың автоголынан кейін есеп ашты (53-минут). Кейін Серу Гирасси дубль жасады (80 және 85-минуттар, екіншісі пенальтиден). Қонақтар сапынан Сантьяго Моуриньо (66-минут) гол соқты. Ал 90+3-минутта Серу Гирасси автогол жасап, "Вильярреалдың" есеп айырмасын қысқартуына мүмкіндік берді.

Франциялық "Лилль" өз алаңында испаниялық "Бетиске" 2:3 есебімен есе жіберді. Давиде Анчелотти шәкірттері матч барысында екі рет есепте алға шыққанымен, ақырында ұтылып қалды. Алаң иелері сапында Аясэ Уэда (12-минут) мен Александро (36-минут) гол соқты. Ал қонақтарға камбэк жасауға Марк Бартраның дубльі (33 және 49-минуттар) мен Трой Пэрроттың голы (53-минут) көмектесті. Сонымен қатар "Лилль" 56-минутта Этан Мбаппе алаңнан қуылғаннан кейін кездесуді бір ойыншыға кем аяқтады.

9 қыркүйекте "Барселона" - "Фейеноорд", "Штутгарт" - "Викинг", "Ливерпуль" - "Атлетико", "Наполи" - "Арсенал", ПСЖ - "Слован" және "Спортинг" - "Галатасарай" матчтары өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!