"Реал" Зиданның қамқорындағы футболшыға қатысты шешім қабылдады

Сурет: Soccernews.ru
Мадридтік "Реал" жартылай қорғаушы Каземиромен жаңа келісімшарт жасады.

Marca ақпаратынша, мадридтік клубтың 28 жастағы бразилиялықпен жаңа келісімі 2023 жылға дейін есептелген.

Клуб басшылығы Каземиромен бірнеше ай бұрын келісімге келген, алайда, бұл туралы жария етпеген. Мұның алдына Каземиро бас бапкер Зинедин Зиданның қамқорлығында, өйткені маман бразилиялықтың негізгі ойыншыға айналатынына сенімді екені айтылған еді.

Осы маусымда Каземиро барлық турнирдегі 35 матчте төрт гол салып, төрт нәтижелі пас берді. Футболшы "Реал" сапында 2013 гжыдан өнер көрсетіп келеді.