Футбол
28 қазан 18:14

"Реал" Винисиустың орнын басар ойыншы тапты

©x.com/realmadridpt

мадридтік «Реал» клубы Винисиус Жуниордың орнын баса алатын ойыншыны анықтады. Ол – ПСЖ сапында өнер көрсететін 20 жастағы француз вингер Дезире Дуэ. Бұл туралы Don Balon басылымы хабарлады.

«Реал» жаңа феноменге көз тікті

«Реал» президенті Флорентино Перес ойыншының трансферіне жеке қызығушылық танытып, оны клубтың «келесі ірі жобасы» деп санайды.

Мадридтіктердің пікірінше, Дуэ команда философиясына мінсіз үйлеседі және «Сантьяго Бернабеуда» жас жұлдыздар дәстүрін жалғастыра алады.

Жас француздың жарқын мансабы

Футболшы небәрі 16 жасында «Ренн» клубымен алғашқы кәсіби келісімшартқа қол қойған. Сол кездегі бас бапкер Бруно Женезио оның екі аяқты еркін қолдануы, техникасы мен ойын интеллектін ерекше атап, «кез келген бапкердің арманы» деп сипаттаған.

2024 жылдың жазы қарсаңында Дуэ «Баварияның» ұсынысынан бас тартып, «Пари Сен-Жерменді» таңдады. ПСЖ оны 50 миллион еуроға сатып алған — бұл оның нарықтық бағасынан екі есеге жуық жоғары.

Қысқа уақыт ішінде Дуэ Луис Энрике командасының негізгі ойыншыларының бірі атанып, 14-нөмірлі жейде иеленді және Еуропадағы ең үміт күттіретін жас таланттардың бірі ретінде мойындалды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от DD14 (@desire.doue)

Винисиустың мұрагері табылды

Жылдамдығы, техникасы және ойынға деген кемел көзқарасы арқасында Дуэ мадридтік клубтың назарына ілікті. «Реал» басшылығы оны команданың жаңа символы әрі Винисиустың лайықты мұрагері бола алады деп есептейді.

Егер Винисиус жазда Мадридтен кетсе, клуб оның трансферінен түсетін 250–300 миллион еуроның бір бөлігін Дезире Дуэді сатып алуға жұмсауға дайын. «Реал» Дуэді «Барселонаның» вундеркинді Ламин Ямалға лайықты жауап бола алады деп санайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport