Мадридтік "Реал" клубының Бразилия құрамасының вингері Винисиус Жуниордың болашағына қатысты ұстанымы айқындалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Трансфердің ең төменгі шегі айтылдыЖурналист Хосе Феликс Диастың мәліметінше, мадридтік клуб 26 жастағы футболшыны сатуға дайын. Алайда егер Винисиус қазіргі келісімшартын ұзартпаса, "Реал" оның трансфері үшін 150 миллион еуродан жоғары өтемақы талап етеді.
Дереккөздің хабарлауынша, "корольдік клуб" бразилиялық шабуылшыны тек сатып алушы мадридтіктердің қаржылық талабын толық орындаған жағдайда ғана жібереді.
"Арсеналдың" қызығушылығы басылмадыБұған дейін Лондонның "Арсеналы" Винисиуспен жеке келісімшарт талаптары бойынша алдын ала келісімге келгені хабарланған болатын. Осыған байланысты ойыншы мен "Реал" арасындағы жаңа келісімшарт жөніндегі келіссөздер шешуші кезеңге өтті.
Винисиус "Реал" сапында 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оның қазіргі келісімшарты 2027 жылдың маусымына дейін күшінде. Осы уақыт ішінде бразилиялық футболшы мадридтік клуб құрамында барлық турнирде 375 матчқа қатысып, 128 гол соғып, 100 нәтижелі пас берді.
Transfermarkt порталының бағалауынша, Винисиустың нарықтық құны 140 миллион еуро.