Винисиус Жуниор нашарлап жүрген уақытта "Реалдың" 19 жастағы шабуылшысы Ян Диоманде жоғары нәтиже көрсетіп жүр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Диоманде қарқын алып келеді
Fichajes.net мәліметінше, ивуарлық футболшы соңғы алты матчта команданың сегіз голына тікелей үлес қосқан. Ол төрт гол соғып, төрт нәтижелі пас берген.
Диоманде "Вильярреал", "Севилья", "Лейпциг" және "Расингке" қарсы кездесулерде гол соқты. Сондай-ақ "Рома", "Севилья", "Лейпциг" және "Барселонамен" болған матчтарда әріптестеріне асист жасады.
Эль-класикода ол Килиан Мбаппеге нәтижелі пас шығарып, "Реал" сырт алаңда каталондық "Барселонаны" 2:1 есебімен жеңді. Сәтті ойындарының арқасында жаңа ойыншы Жозе Моуриньюдің сеніміне ие болып, негізгі құрамнан орын алуға нақты үміткерге айналды.
Винисиус ойын жағынан құлдырай бастады
2026/27 жылғы маусымда бразилиялық футболшы ресми 11 матчта бір гол соғып, үш нәтижелі пас берген. Оның өзі де қазіргі формасының үздік деңгейде емес екені айтылуда.
"Ромаға" қарсы матчта Винисиустың қателігінен қарслас гол соққаннан кейін Моуринью оны алаңда алмастырды. Бұған қоса, шабуылшы "Сантьяго Бернабеуде" жанкүйерлердің наразылығын тудырды.
Бұл жағдай "Вильярреалмен" кездесуде алаңнан қуылып, төрт матчқа дисквалификация алуымен одан әрі күрделене түсті. "Реалдың" апелляциясы қанағаттандырылмады. Соның салдарынан Винисиус Ла Лигадағы "Севилья", "Барселона" және "Расингке" қарсы ойындарды өткізіп алды, сондай-ақ "Валенсиямен" кездесуге де қатыспайды. Алайда оның орнын Диоманде сәтті алмастырып жүр.
Негізгі құрамдағы орын үшін бәсеке
Диоманде сәтті өнер көрсетіп жүргенімен, Винисиус негізгі құрамдағы орнынан біржола айырылды деуге әлі ерте.
Бразилиялық футболшының Испания чемпионатына ұлттық құрамалар арасындағы үзіліс кезінде оралады. Оған дейін Диоманде негізгі құрамдағы орнын нығайтуға және шабуылдың сол қапталындағы бәсекені күшейту мүмкіндігі бар.
Жарнама