"Реал" үзілістен кейінгі алғашқы ойында бірінші таймда-ақ үш голмен жеңіске жетті

Сурет: Football Addict
Мадридтік "Реал" Испания чемпионатының 28-ші турында "Эйбар" командасын ұтты. 

Мадридтегі "Альфредо ди Стефано" стадионында өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Тони Кроос (4-ші минут), Серхио Рамос (30) және Марсело (37) гол салды, ал "Эйбар" командасынан Педро Бигас 60-шы минутта көзге түсті.



Ал Зинедин Зидан Ла Лигадағы жеңістер бойынша "Реал" бапкерлері арасында екінші орынға шықты. Оның жетекшілігімен команда 90 рет ұтты. Бұл көрсеткіш бойынша Мигель Муньос бірінші тұр, оның есебінде 257 жеңіс.

"Реал" 59 ұпаймен турнир кестесінде екінші, "Эйбар" 27 баллмен 16-шы.
Жаңалықтар