Мадридтік "Реал" футболшылары Испания чемпионатының 23-туры аясында сырт алаңда "Валенсияны" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Валенсия қаласындағы "Месталья" стадионында өткен кездесу қонақтардың 2:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Екі гол да үзілістен кейін соғылды. Алдымен Альваро Каррерас 65-минутта есеп ашса, Килиан Мбаппе 90+1-минутта матчтың нүктесін қойды.
Жалпы ойын барысында "корольдік клуб" алаңда толық басым болғанымен, ұзақ уақыт бойы қарсылас қақпасының кілтін таба алмады. Алайда екінші таймда мадридтіктер алаң иелерінің қорғанысын бұзып, сенімді жеңіске жетті.
Осы нәтижеден кейін "Реал" 57 ұпаймен турнир кестесінде екінші орнын сақтап қалды. Ал "Валенсия" 23 ұпаймен 17-орында тұр.
Келесі турда "Реал" 14 ақпанда өз алаңында "Реал Сосьедадпен", ал "Валенсия" 15 ақпан сырт алаңда "Левантемен" ойнайды.