"Реал" УЕФА Суперкубогін бесінші рет иеленді

©Reuters

"Реал" УЕФА Суперкубогін бесінші рет иеленді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Финляндия астанасында өткен финалда "корольдік" клуб Германияның "Айнтрахтын" негізгі уақытта 2:0 есебімен ұтты. "Бланкос" сапында Давид Алаба 37-минутта есеп ашса, үзілістен кейін Карим Бензема (65-минут) испаниялықтардың екінші голын салды.

Осылайша, 120 жылдық тарихы бар Мадридтің "Реалы" өз тарихында аталмыш кубокті бесінші рет иеленіп отыр. Осыған дейін 2002, 2014, 2016, 2017 жылдары жеңген болатын.

Енді Карло Анчелотти ойыншылары Испания біріншілігіне дайындалады. Ла Лиганың алғашқы туры 15 тамыз күні "Альмерия" клубына қарсы өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар