Мадридтік "Реал" Еуропалық футбол қауымдастықтары одағына (УЕФА) каталондық "Барселонаның" нәтижелерін Хосе Мария Энрикес Негрейра ісіне байланысты қайта қарау талабымен жүгінді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Реалдың" талабыAS басылымының мәліметінше, мадридтік клуб басшылығы 2001–2018 жылдар аралығында "Барселонаны" жеңіп алған 23 трофейден айыруды талап етіп отыр. Бұл уақыт аралығы Негрейра ісі бойынша тергеу аясында қарастырылып жатыр.
Аталған кезеңде каталондық клуб мынадай титулдарға ие болған:
Испания чемпионатында 9 рет жеңіс
Испания Кубогында 6 рет жеңіс
Испания Суперкубогында 8 рет жеңіс
Жалпы алғанда, "Барселона" осы аралықта 23 ұлттық трофей жеңіп алған.
"Негрейра ісі" испания футболындағы ең даулы тергеулердің бірі болып отыр. Істің ортасында Испания футбол федерациясындағы (RFEF) Төрешілердің техникалық комитетінің бұрынғы вице-президенті Хосе Мария Энрикес Негрейра тұр.
Тергеу материалдарына сәйкес, 2001–2018 жылдар аралығында "Барселона" Негрейраға тиесілі компанияларға неге төлемдер жасағаны қаралып жатыр. Тергеу деректеріне сай, жалпы сома шамамен 7,5 миллион еуроны құраған.
Тараптардың ұстанымы"Барселона" өкілдері бұған дейін төрешілер шешімдеріне ықпал ету әрекеттерін жоққа шығарып, төлемдер консультациялық қызметтер мен аналитикалық есептер үшін жасалғанын мәлімдеген.
Дегенмен тергеу жалғасып жатыр. "Реалдың" бұл талабы Испания футболындағы екі алып клуб арасындағы текетіресті одан әрі ушықтыруы мүмкін.