"Реал" трансферлік науқанын жапты

©Reuters

"Реал" президенті Флорентино Перес осы жазда жаңа ойыншылар алмайтынын мәлімдеді. 

"Қазіргі жасақталған құраммен біз енді ешкіммен келісімшарт жасауды қарастырып отырған жоқпыз. Бізге ары қарай жаттығып, осы команданы жақсы басқару керек", - деп береді Перестің сөзін AS. 

Жазғы трансферлік кезеңде "Реал" сапына "Челсиден" қорғаушы Антонио Рюдигер және "Монаконың" бұрынғы жартылай қорғаушысы Орельен Тчуамени өткен еді. Ал мадридтік клубтан еркін агент ретінде қорғаушы Марсело, хавбектер Иско мен Гарет Бэйл кетті.

10 тамызда Карло Анчелотти жаттықтыратын команда 2022/23 жылғы маусымдағы алғашқы трофейін жеңіп алды. УЕФА суперкубогі үшін матчте мадридтіктер "Айнтрахт" командасын 2:0 есебімен ұтты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport