Мадридтік "Реал" жазғы трансфер кезеңіндегі кезекті ірі келісімді сәтті аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, "корольдік клуб" Германияның "РБ Лейпциг" командасымен ивуарлық вингер Ян Диоманденің трансфері бойынша келісімге келген. Трансфер құны 100 миллион еуродан асады.
Мәміле толық аяқталған. Осы аптада Диоманде Мадридке келіп, медициналық тексеруден өтеді және 2031 жылдың маусымына дейін есептелген келісімшартқа қол қояды.
Ян Диоманде "РБ Лейпциг" сапында 2025 жылдан бері өнер көрсетіп келді. Ол неміс клубына Испанияның "Леганес" командасынан 20 миллион еуроға ауысқан болатын. Өткен маусымда 19 жастағы шабуылшы барлық турнирде 36 матч өткізіп, 13 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген.
Айта кетейік, Диоманде "Реалдың" осы трансферлік терезедегі бесінші жаңа ойыншысы атанады. Бұған дейін Жозе Моуринью жаттықтыратын мадридтік клуб қорғаушылар Марк Кукурелья, Дензел Дюмфрис, Ибраима Конате және португалиялық жұлдыз жартылай қорғаушы Бернарду Силваны өз қатарына қосқан еді.