"Реал" төрт гол өткізіп Ла Лигада екінші рет ұтылып отыр

Сурет: Football.ua

Мадридтік "Реал" сырт алаңда "Валенсиядан" ұтылып Испания чемпионатында екінші рет жеңіліп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ел біріншілігінің тоғызыншы туры аясында өткен ойын 4:1 есебімен аяқталды.

Бірінші голды қонақтар сапындағы Карим Бензема 23-ші минутта салды. Осыдан кейін алаң иелерінен Карлос Солер 35, 54 және 63-ші минуттарда пенальтиден үш гол салды. Ал Рафаэль Варан 43-ші минутта автогол салды.

Бұл ойыннан кейін "Реал" 16 ұпаймен төртінші орында, ал "Валенсия" с 11 баллмен жиырма команда арасында 11-ші келеді.

21 өарашадағы оныншы турда, "Реал" сырт алаңда "Вильярреалмен", ал "Валенсия" командасы "Алавеспен" кезедсу өткізеді. 

Жаңалықтар