"Реал Сосьедад" ПСЖ футболшысын жалға алды
ПСЖ-ның жартылай қорғаушысы Рафинья Алькантара жақын арада Испанияда медициналық тексерістен өтіп, "Реал Сосьедадпен" келісімшартқа отырады. Бұл туралы белгілі инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.
ПСЖ-ның жартылай қорғаушысы Рафинья Алькантара жақын арада Испанияда медициналық тексерістен өтіп, "Реал Сосьедадпен" келісімшартқа отырады. Бұл туралы белгілі инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.
Дереккөздің хабарлауынша, 28 жастағы бразилиялық "Реал Сосьедадта" жалдау шарты бойынша өнер көрсетпек. Испаниялық клуб жартылай қорғаушының жалақысын өз мойнына алмақ.
Осы маусымда Рафинья ПСЖ сапында бес матчқа қатысып, нәтижелі әрекеттермен көзге түсе алмады. Жартылай қорғаушының париждік клубпен келісімшарты 2023 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.
Жарнама